Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Бос және (немесе) уақытша бос лауазымның атауы:

  • Математика пәні мұғалімі – 1 бірлік  ( бос орын) орыс тілінде
  • Педагог -ассистент – 1бірлік ( бос орын) қазақ — орыс тілінде
  • Әлеуметтік педагог   – 1 бірлік ( бос орын) қазақ, орыс тілінде
  1. Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген кандидатқа қойылатын біліктілік талаптар:

— жоғары педагогикалық білімі немесе «Әлеуметтік педагог» бағыты бойынша кәсіптік білімі немесе педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат, жұмыс стажына талап қойылмайды;

— және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде әлеуметтік педагог лауазымындағы жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін-кемінде 2 жыл, педагог – сарапшы үшін-кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші үшін – кемінде 4 жыл және педагог-шебер лауазымындағы жұмыс өтілі – 5 жыл.

  1. Құжаттарды қабылдау мерзімі:19 — 27 қыркүйек  2024 ж.

Қажетті құжаттар тізбесі:

ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығының (Өзгерістер мен толықтырулар ҚР Оқу-ағарту министрінің 15.08.2023 ж. №259 және ҚР Министрінің орынбасары –Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 16.08.2023 ж. № 343 бұйрығы) 3-тарау, 1-параграф, 154-тармағы) көрсетілген қажетті құжаттар тізбесін  негізге ала отырып электронды немесе қағаз түрінде жолдай алады.

1) осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

10) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.

11) 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.

12) тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы  (өзін-өзі таныстыру) ұзақтығы емінде 15 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.

Құжаттама